Он жыл бұрын жапондық Cocoa Motors компаниясы ерекше әрі ықшам көлік – WalkCar-ды таныстырды. Оның функционалы гироскутерге ұқсас болса да, көлемі ноутбукпен тең болатын.
Қазіргі таңда әзірлеушілер құрылғының жаңартылған нұсқасын – WalkCar 2 Pro-ны шығарды. Ол бұрынғыдай ықшам болғанымен, техникалық сипаттамалары жақсарған.
Бастапқы WalkCar төрт шағын доңғалақпен және алюминий корпусымен жабдықталған еді. Оны ыңғайлы тасымалдау үшін арнайы сөмке қоса берілген. Басқару салмақ ауыстыру арқылы жүзеге асатын: аяқпен басқанда жылдамдайды, салмақты жеңілдеткенде тежейді.
Ықшам болғанына қарамастан, WalkCar 120 кг-ға дейін жүктемені көтере алатын және тіпті көлбеу беткейлерге көтерілуге жарайтын. Максималды жылдамдығы сағатына шамамен 10 шақырымды құрап, бір зарядпен 12 шақырым жүре алатын. Қуат батареясы USB порты арқылы үш сағат ішінде толық зарядталады.
Жаңа модель жеңіл әрі мықты көміртекті талшық корпусынан жасалған, бұл оның стильді әрі берік болуына әсер етті. Салмағы 2900 граммға дейін азайтылған. Жаңа WalkCar 2 Pro сағатына 15 шақырымға дейін жылдамдыққа жетіп, бір зарядпен шамамен 8 шақырым жол жүреді. Сонымен қатар, компания WalkCar 2 стандартты нұсқасын да ұсынады, ол жұмыс істеу аралығы жағынан азырақ. WalkCar 2 Pro бағасы – 1499 АҚШ доллары, ал стандартты нұсқасы – 1299 доллар.
Дереккөз— Cocoa Motors