Home Технологиялар Ғаламтор және желі Трамп АҚШ-та TikTok-ты бұғаттау мерзімін 16 желтоқсанға дейін шегерді

Трамп АҚШ-та TikTok-ты бұғаттау мерзімін 16 желтоқсанға дейін шегерді

34

АҚШ президенті Дональд Трамп қытайлық TikTok әлеуметтік желісінің ел аумағында жұмыс істеуіне тыйым салатын заңның күшіне ену мерзімін ұзартты. Kazinform хабарлауынша, Ақ үй сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, шектеу 2025 жылдың 16 желтоқсанына дейін кейінге қалдырылды.

Осы уақытқа дейін америкалық билік қосымшаны бұғаттау немесе оның қызметіне айыппұл салу шараларын қабылдай алмайды.

Трамптың айтуынша, Вашингтон мен Бейжің TikTok мәселесінде келісімге келген. Ол платформаны сатып алуға бірқатар ірі компанияның қызығушылық танытқанын айтып, мәміленің нақты шарттары 19 қыркүйекте Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы талқыланатынын жеткізді.

Еске салсақ, 2024 жылы АҚШ-тың 46-президенті Джо Байден қытайлық ByteDance компаниясын TikTok-ты сатуға немесе елдегі жұмысын тоқтатуға міндеттейтін заңға қол қойған еді. Ал 2025 жылдың 20 қаңтарында инаугурациядан кейін Дональд Трамп бұл талаптарды орындау мерзімін кейінге қалдыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұған дейін ол TikTok-қа оң көзқарасын білдіріп, қосымшаның жас қолданушылары оның сайлаудағы жеңісіне елеулі ықпал еткенін атап өткен болатын.