Заманауи цифрлық индустрия қарқынды дамып, адам өмірінің барлық саласына терең еніп отырған кезеңде мобильді технологиялардың жаңа деңгейге көтерілуі – заңды құбылыс. Осы үдерістің айқын көрінісі ретінде InterContinental қонақүйінде өткен HUAWEI Mobile компаниясы өкілдерінің таныстырылымын атауға болады.

Кездесу барысында компания бірден үш бірдей инновациялық өнімін ұсынып, олардың техникалық және функционалдық ерекшеліктерін жан-жақты таныстырды. Mobilaser порталының журналистері бұл құрылғыларды алғашқылардың бірі болып сынақтан өткізіп, олардың нарықтағы әлеуетін бағамдауға мүмкіндік алды.

Ұсынылған өнімдер қатарында HUAWEI Mate X7 жиналмалы смартфоны, HUAWEI MatePad 11,5″S планшеті және HUAWEI FreeClip 2 құлаққаптары бар. Әр құрылғы жеке функционалдық шешімдерге негізделе отырып, біртұтас экожүйе аясында өзара үйлесім тапқан.
Алғашқы назар аудартқан өнім – HUAWEI MatePad 11,5″S планшеті. Бұл құрылғы қағаз дәптер, кәсіби планшет және жеңіл ультрабук арасындағы функционалдық шекараны жойып, әмбебап жұмыс құралын қалыптастырады.

Планшеттің басты ерекшелігі – PaperMatte күңгірт экраны. Ол жарықтың шағылуын азайтып, көзге түсетін жүктемені төмендетеді, сонымен қатар қағаз бетіне жазғандай табиғи тактильдік әсер береді. Мұндай экран ұзақ уақыт бойы мәтінмен жұмыс істеуге, сурет салуға және ақпаратты өңдеуге қолайлы жағдай жасайды.144 Гц жиіліктегі бейнені жаңарту жүйесі визуалды қозғалысты бірқалыпты жеткізіп, құрылғының жалпы өнімділігін арттырады.

Алдын ала орнатылған WPS Office қосымшасының компьютерлік нұсқасы кәдімгі кеңселік жұмыстарды толық атқаруға мүмкіндік береді. Кестелерді өңдеуден бастап мәтіндік құжаттармен жұмыс істеуге дейінгі барлық функциялар қолжетімді, бұл планшетті дәстүрлі компьютердің ыңғайлы алмастырғышына айналдырады.Сонымен бірге GoPaint қосымшасы шығармашылық қабілеттерді шыңдауға арналған сандық платформа болып табылады. Мұнда кескіндеме мен иллюстрация жасаудың барлық мүмкіндіктері қарастырылған, ал жаңартылған «Блокнот» бағдарламасы интеллектуалдық еңбекті тиімді ұйымдастыруға арналған құралдармен толықтырылған. Ақылды қолжазба енгізу, жасанды интеллект көмегі және интуитивті басқару қимылдары ойдағы идеяларды тез және ыңғайлы тіркеуге жағдай жасайды.

Магнитті пернетақта мен сыйымды аккумулятор планшетті мобильді жұмыс станциясына айналдырып, пайдаланушыға уақыт пен кеңістік шектеуінсіз еңбек етуге жол ашады.

Планшет сіздің шығармашылық кеңістігіңіз болса, HUAWEI FreeClip 2 құлаққаптары — әлемнен оқшауламайтын жеке әуен кеңістігіңіз. Ашық үлгідегі бұл құрылғы құлаққа ілініп тұратын нәзік пішінімен ерекшеленіп, жеңілдігі мен жайлылығының арқасында бірер минуттан соң мүлде сезілмей кетеді.

Дыбыс пен еркіндікті үйлестірген бұл құлаққап күнделікті тіршіліктің табиғи ырғағын бұзбай, оны әуенмен әсем әрлейді. Құлаққаптың бір толық қуаты үздіксіз 9 сағат жұмыс істеуге жетсе, қорабымен бірге қолданғанда бұл уақыт 38 сағатқа дейін ұзартып, бірнеше күн бойы қуаттауды ойламауға мүмкіндік береді.

Құлақты толық жауып тастамайтын құрылым айналадағы дыбысты қабылдауға мүмкіндік беріп, қауіпсіздік пен жайлылықты қатар қамтамасыз етеді. Жасанды интеллект негізіндегі дыбыс реттеу жүйесі қоршаған ортаның акустикалық жағдайына бейімделіп, әуен мен дауыс сапасын оңтайландырады. Ұзақ мерзімді автономды жұмыс уақыты бұл құрылғыны күнделікті белсенді өмір салтын ұстанатын жандар үшін тиімді шешімге айналдырады.

Технологиялық кешеннің негізгі өзегі – флагмандық HUAWEI Mate X7 жиналмалы смартфоны. Бұл смартфон пайдаланушыға ұтқырлық пен кең жұмыс мүмкіндіктерін бір құрылғыда ұсына отырып, екі түрлі пайдалану режимі арасында табиғи ауысуды қамтамасыз етеді. Ашылған кезде ол жарығы мол, түсі қанық әрі шынайы 8 дюймдік OLED-экранға айналса, жиналған қалпында нәзік те жеңіл құрылғы ретінде қолайлы қолданылады.

HUAWEI Mate X7 смартфонының басты артықшылығы — физикалық айнымалы диафрагмасы бар XMAGE екінші буындағы камера жүйесі. Бұл жүйе әртүрлі жарық жағдайларына бейімделіп, артқы көріністі табиғи бұлыңғыр етіп көрсету арқылы жоғары сапалы суреттер түсіруге мүмкіндік береді. Телелинза макротүсірілімді қолдай отырып, түнгі көріністерде де кадрдың айқындылығы мен атмосферасын сақтайды, визуалды ақпарат толық әрі шынайы беріледі.

Жиналмалы механизм инженерлердің үздіксіз жетілдіру жұмыстарының нәтижесінде мінсіз деңгейге жеткізілді.Құрылғының корпусы екінші буындағы Kunlun әйнегімен қапталып, су мен шаңға төзімді етіп жасалған, бұл смартфонды кездейсоқ құлау немесе ылғалдан қорықпай пайдалануға мүмкіндік береді.

HUAWEI Mate X7 құрылғысы қуатты процессор мен интеллектуалды жүйелік мүмкіндіктердің арқасында бір мезгілде бірнеше тапсырманы орындауға арналған әмбебап құралға айналады. Бір экранда бейнеқоңырау жасау, презентацияны өңдеу және мессенджерлерге жауап беру қатар жүзеге асырылуы мүмкін, бұл пайдаланушыға жұмыс тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

5600 мА·сағ сыйымдылығы бар аккумулятор мен жылдам қуаттау технологиясы күн бойы батареяға алаңдамай, құрылғыны үздіксіз пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, смартфон мен планшет арасындағы файл алмасу бірден жүзеге асырылатын экожүйеге толық кірігуі пайдаланушыға ыңғайлы әрі жылдам жұмыс жасау мүмкіндігін береді.

Бұл құрылғылар тек техникалық құрал ғана емес, жаңа мүмкіндіктердің нақты көрінісі болып табылады. Олар пайдаланушының қолында болашақ тәжірибесін қалыптастырып, әр әрекетті ерекше әрі нәтижелі етеді.
HUAWEI компаниясының биылғы басты жаңалықтары — бұл өнімдер тек техникалық жаңалық қана емес, күнделікті өмір мен шығармашылыққа жаңа көзқарасты ұсынатын инновациялық шешімдер.

Айрықша атап өтерлігі, бұл құрылғылар өзара үйлесім тауып, жасанды интеллект негізіндегі біртұтас экожүйе қалыптастырады. Ол күнделікті міндеттерді өз мойнына алып, пайдаланушыға шығармашылық пен жеке өмірге көбірек уақыт қалдырады.

Қорыта айтқанда, HUAWEI компаниясының жаңа буын құрылғылары – техникалық жетістік қана емес, адам мен технология арасындағы өзара байланысты жаңа сапалық деңгейге көтеретін кешенді шешімдер жиынтығы. Бұл өнімдер заманауи өмір салтына бейімделген, еркіндік пен тиімділікті басты құндылық ретінде ұсынатын инновациялық көзқарастың нақты көрінісі болып табылады.

Біздің репортаж арқылы HUAWEI компаниясының соңғы жаңалықтарын жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды деп сенеміз. Келесі жарияланымдарымызды жіберіп алмаңыздар.












