Valve компаниясы “Steam” цифрлық дүкеніне жаңарту енгізді. Жаңартумен бірге отбасылық топқа арналған қызмет бета-тестілеуден өтті.
Алты айға созылған бета-тестілеуден кейін Steam-ның тұрақты қолданушыларына «Отбасылық топ» батырмасы пайда болды. Бұл топтар Steam Family Sharing және отбасылық бақылау қызметтерін жаңартып, оларды ыңғайлырақ және кеңейтілген мүмкіндіктермен алмастырды.
Отбасылық топ- отбасы мүшелеріне қай ойындарды және қашан ойнауға болатынын басқаруға арналған жаңа мүмкіндік. Топқа алты адамға дейін қосуға болады, ал оны Steam-де, браузерде немесе мобильді қосымшада басқаруға болады.
Отбасылық топтардағы қатысушылар балалар және ересектер болып бөлінеді:
Ересектер — топқа қатысушыларды шақыра алады, топтан шыға алады және балалардың ойындарын бақылауға мүмкіндік алады.
Балалар — топтың баптауларына қолжетімділігі жоқ. Олардың парақшаларына ересектер тарапынан бақылау жүргізіледі . Бвлвлар ересектерге тауарларды төлеуге өтініш жібере алады.
Отбасылық топқа қосылғаннан кейін сіздің ойындарыңыз барлық қатысушыларға қолжетімді болса, туыстарыңыз өз ойын топтамасымен бөлісе алады. Бірақ топта бір ғана ойын болса, оны бірнеше адам бір уақытта ойнай алмайды — әркімнің өз көшірмесі болуы керек. «Отбасылық топтардың» басты жаңалығы — әр адамның жеке сақтаулы ойындары мен жеткен жетістіктерінің болуы мүмкін. Дегенмен, жоба әзірлеушілері отбасылық топ арқылы кейбір ойынды жіберу мүмкіндігін шектей алады.
“Steam Family” қызметін пайдалану үшін алдымен өз парақшаңызды тіркеп, балаңызды немесе өзге қатысушыларды қосу қажет. Одан кейін ата-ана әр бала үшін жеке мүмкіндік пен шектеулерді баптай алады.