Home Технологиялар Ғаламтор және желі Starlink жаңа деңгейде: интернет жылдамдығы енді гигабитке жетеді

Starlink жаңа деңгейде: интернет жылдамдығы енді гигабитке жетеді

13

SpaceX компаниясы секундына 1 гигабитке дейін жылдамдық беретін Starlink антеннасының жаңа нұсқасын әзірлеуде. Бұл- қазіргі 200 Мбит/с жылдамдықпен шектелетін жүйеден бірнеше есе жылдамырақ.

Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін қолданушыларға жаңартылған антеннаны сатып алуға тура келеді. Себебі ол тек жетілдірілген желімен үйлесімді болмақ.

Жаңа мүмкіндікті пайдалану үшін қолданушыларға жаңартылған желімен үйлесетін арнайы антенна қажет. Бұл құрылғы Starlink жүйесінің жаңартылған радиожиілік ауқымында жұмыс істейді.

Компания желіні жетілдіру үшін АҚШ-тың Федералды байланыс комиссиясынан (FCC) рұқсат күтуде. Рұқсат берілген жағдайда, Starlink жердегі талшықты интернетпен бәсекелесе алатын деңгейге жетеді. Жылдамдықты арттыру үшін SpaceX үшінші буын (V3) спутниктерін Starship зымыраны арқылы ұшыруды жоспарлап отыр. Жаңа спутниктер деректерді жіберуде кідірісті азайтып, өткізу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.

Корпоративті клиенттер үшін компания жоғары өнімді жаңа антенна түрін де дайындап жатыр. Бұған дейін $2499 тұратын құрылғының бағасы қазір $1499-ға дейін түсті. Бұл — компанияның жаңа модельді жақын арада таныстыруға дайындалып жатқанын білдіреді.

Сондай-ақ, шағын Starlink Mini құрылғысынан кейінгі жаңа, ықшам антенна түрі де әзірленіп жатыр. Оның қазіргі бағасы – $499. Сарапшылардың айтуынша, гигабиттік жылдамдыққа жету үшін жаңа жиіліктерге бейімделген жабдық қажет. Дегенмен, желі жаңартылғаннан кейін кейбір ескі құрылғылардың өзі жоғары жылдамдықты сезінуі мүмкін. Ал бірнеше антеннаны біріктіру арқылы жаңа жабдықсыз да жоғары жылдамдыққа қол жеткізуге болады.

Жаңа антенна 2025 жылы қолданысқа енгізіледі деп жоспарланған. Алайда нақты мерзімі спутниктердің сәтті ұшырылуы мен Starship зымыранының толық дайын болуына байланысты.