Tesla компаниясы бірнеше жылдан бері Full Self-Driving (FSD) деп аталатын толық автоматтандырылған автопилот жүйесін сынақтан өткізіп келеді. Жақында Илон Маск Whole Mars Catalog пайдаланушысы жүктеген видеоны бөлісті.
Бейнероликте Tesla автопилот жүйесінің 13.2 нұсқасымен Лос-Анджелестегі кептелісте бір жарым сағат бойы жүргізушінің қатысуынсыз қозғалғаны көрсетілген.
“Tesla автопилоты 1 сағат 40 минут бойы Лос-Анджелестегі кептелісте еш кедергісіз қозғалды. Әрине, кептелістегі көліктің бейнесін көру аса қызықты болмауы мүмкін. Бірақ күнделікті осындай жағдайда жүретін адамдар үшін бұл технология өмірді түбегейлі өзгертеді”, — деп жазылған жазбада.
Tesla-ның FSD жүйесі күнделікті көлік қозғалысын жеңілдетіп, автопилот технологиясының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.