Home Робот пен дрондар,ЖИ Роботтарды кең ауқымда қолдану кезеңі басталды

Роботтарды кең ауқымда қолдану кезеңі басталды

13

Agibot компаниясы өндірістегі жаңа маңызды көрсеткішке қол жеткізгенін хабарлады. Компания құрастырған 15 мыңыншы робот өндірістен шығарылды. Бұл жетістік роботтарды тәжірибелік деңгейде әзірлеу кезеңінен оларды нақты өмірде кеңінен қолдану кезеңіне өткенін аңғартады.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, алғашқы тәжірибелік үлгілерден жаппай өндіріске дейінгі жол бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы мың роботты шығару үшін шамамен екі жыл қажет болса, кейін өндіріс көлемін бес мыңға жеткізуге бір жыл жұмсалған.

Одан кейінгі өсім әлдеқайда қарқынды болды. Роботтар санын 10 мыңға дейін жеткізуге небәрі үш ай кеткен. Тағы үш айдың ішінде өндірілген роботтар саны 15 мыңға жетті.

15 мың роботтың өндірілуі өндірістегі кезекті меже ғана емес. Бұл embodied AI бағытының жаңа даму кезеңіне өткенін көрсетеді. Яғни сала роботтарды әзірлеумен ғана шектелмей, оларды түрлі қызмет салаларына кең көлемде енгізуге бет бұрғанын білдіреді.

Техкульт

Қосымша материалдар мен сараптамалық шолуларды біздің Telegram арнамыздан оқуға болады.