Home Технологиялар Инновациялар Ресейде сот сараптамасына жасанды интеллект енгізіледі

Ресейде сот сараптамасына жасанды интеллект енгізіледі

27

Ресейде сот сараптамасы саласына жасанды интеллект қолдану жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жаңа тәсілдерді Санкт-Петербургтегі Ресей ғылым академиясының Федералдық зерттеу орталығы (СПб ФИЦ РАН) мен Ресейдің Сот-сараптама палатасы (СЭП РФ) бірлесіп әзірлейді. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Әріптестік аясында СЭП РФ пен СПб ФИЦ РАН сот сараптамасының өзекті мәселелеріне қатысты бірлескен зерттеулер жүргізеді. Сондай-ақ сараптамалық тәжірибеде заманауи ғылыми жетістіктерді, яғни цифрлық технологияларды, жасанды интеллектіні, геномиканы және өзге де әдістерді бейімдеу және қолдану қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, сарапшылар мен ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламалары, тағылымдамалар ұйымдастыру, жас ғалымдарды сот-сараптама қызметіне тарту жоспарланған», — делінген хабарламада.