Home Технологиялар Ғаламтор және желі Ресейде мемлекеттік мекемелерге шетелдік мессенджерлерді пайдалануға тыйым салынды

Ресейде мемлекеттік мекемелерге шетелдік мессенджерлерді пайдалануға тыйым салынды

19

2025 жылғы 1 маусымнан бастап Ресейде шетелдік мессенджерлерді қолдануға шектеу күшіне енді. Енді мемлекеттік органдар, банктер, байланыс операторлары, қаржы ұйымдары мен күніне 500 мыңнан астам қолданушысы бар ірі интернет-платформалар WhatsApp, Telegram және басқа да шетелдік мессенджерлер арқылы азаматтармен байланысқа шыға алмайды.

Ең алдымен, бұл қадам жеке мәліметтер мен төлем құжаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни аталған қосымшалар арқылы дербес деректерді немесе қаржылық ақпаратты жіберуге болмайды. Бұл қадам Ресейдің шетелдік технологияларға тәуелділігін азайту және ішкі цифрлық қауіпсіздігін арттыру үшін қолға алынған.

Роскомнадзор шектеу енгізілген мессенджерлердің ресми тізімін бекітті. Ал Мемлекеттік думаның ақпараттық саясат жөніндегі комитетінің төрағасы Сергей Боярскийдің айтуынша, WhatsApp пен Telegram секілді сервистер Ресей аумағында жұмысын жалғастыра алады, бірақ тек жергілікті заңнаманы толық сақтаған жағдайда ғана.