Home Технологиялар Ресейде ауыл шаруашылығы техникасы жаппай автономды жүйеге көшіріліп жатыр

Ресейде ауыл шаруашылығы техникасы жаппай автономды жүйеге көшіріліп жатыр

16

Ресейдің ірі агрохолдингтерінің бірі – «Русагро» мен жасанды интеллект негізіндегі автономды басқару жүйелерін әзірлейтін жетекші халықаралық компаниялардың бірі Cognitive Pilot ауыл шаруашылығы техникасын роботтандыруды бастады. Екі тарап арасында жасалған келісімге сәйкес, Cognitive Agro Pilot жүйесі Ресейдің бес өңіріндегі 242 комбайнға орнатылады. Бұл – ауыл шаруашылығы техникасын бір уақытта осынша көлемде автоматтандыру бойынша әлемдегі ең ауқымды жоба.

Жаңа технология алғаш болып Белгород, Тамбов, Курск, Орел облыстары мен Приморье өлкесінде қолданысқа енбек. Комбайндар автономды басқару жүйесімен кезең-кезеңімен жабдықталады. Алғашқы құрылғылар маусым айының ортасында сынақтан өтеді деп жоспарланып отыр.

«Русагро» директорлар кеңесінің төрағасы Вадим Мошковичтің айтуынша, жасанды интеллектіге негізделген бұл жүйе егін жинау науқанының тиімділігін арттырып қана қоймай, агрохолдинг жұмысының сапасына да оң әсер етеді.

«Жаңа технология бізге адами фактордан туындайтын қатерлерді азайтып, техниканы барынша тиімді пайдалануға жол ашады. Оның үстіне, биыл Ресейде бидайдан мол өнім күтілуде. Сондықтан біз бар күшімізді жинап, жақсы нәтиже көрсетуге ниеттіміз, – дейді «Русагроның» ауыл шаруашылығы бағыты бойынша бас директоры Роман Школлер.

Cognitive Agro Pilot жүйесі комбайнның егіс алқабында кедергісіз әрі тиімді қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол орылған егін, жыртылған жер, қатарлап егілген дақылдар немесе шөптің бір жерге жиналып үйілген сызығы бойымен бағытты өздігінен анықтай алады. Сонымен қатар, жолдағы кез келген кедергіні автоматты түрде байқап, операторға дер кезінде ескерту жібереді.

Комбайн қолмен басқарылып отырған жағдайда да, техника белгіленген бағыттан ауытқыса, жүйе бірден хабар береді. Әр техника нақты уақыт режимінде бақылауда болады , оператор арнайы жүйе арқылы оның бағытын қадағалай алады.