Ресейдің «Росатом» химия-технологиялық кластерінің ғалымдары жүктемеге төтеп беретін, пішінін жоғалтпайтын және шектен тыс температураға шыдамды көміртекті талшық жасады. Зерттеушілер бұл материал ғарыш кемелерін, ұшақтарды және жоғары технологиялық құрылғыларды жасауға қажет болатынына сенімді.
«Росатом» таратқан мәліметке сәйкес, жаңа талшықтың көмегімен жұлдызаралық сапарларға арналған күн желкендерін, алыс ғарышты зерттейтін алып радиотелескоптар мен антенналарды, сондай-ақ орбиталық электр станцияларына қажет шағылдырғыштарды жасауға болады. Мұндай құрылымдардың ұзындығы 200 метрге дейін жетуі мүмкін — бұл екі футбол алаңымен тең.
Қазірдің өзінде бұл материал Ресейдің ғарыш саласында үлкен сұранысқа ие. Ал болашақта Ай бетінде құрылатын зертханалар, ядролық қозғалтқышпен жабдықталған ғарыштық жүйелер сынды жобалар шындыққа айналғанда, мұндай жоғары төзімді материалдарға деген қажеттілік еселеп артады дейді мамандар.