Home Технологиялар VR мен AR Premiere Pro-да жасанды интеллект пайда болды – енді бағдарлама фильмді аяқтауға да...

Premiere Pro-да жасанды интеллект пайда болды – енді бағдарлама фильмді аяқтауға да көмектеседі.

70

Adobe өзінің негізгі өнімдерінің бірін жаңа деңгейге шығарады. AI Firefly Video-ны Premiere Pro-ға интеграциялау туралы уәде берілген болатын және бұл кезеңнің енді басталғанын The Verge хабарлайды.

Premiere Pro-ға енгізілген жасанды интеллект классикалық бейнемонтаж тәсілдерін өзгертеді. Сонымен қатар статикалық суреттерден бейне жасауға мүмкіндік береді.

Жаңа Premiere Pro-ның бета-нұсқасында пайдаланушылар Generative Extend функциясымен танысады. Бұл құрал, егер режиссер сценарийде қателескен жағдайда, түсірілген материалдың басын немесе соңының ұзақтығын арттыруға көмектеседі.

Generative Extend дыбыспен де жұмыс істейді. Бұл құрал өңдеу жұмысын тегістеп, дыбыстық эффектілер мен фонды он секундқа дейін созуға мүмкіндік береді. Бірақ музыка мен дауыспен жасанды интеллект әзірге жұмыс істемейді.

Тағы екі құрал логикалық атауларға ие: Adobe Text-to-Video және Image-to-Video. Олар өзге нейрожелі қызметтерімен бірдей жұмыс істейді, бірақ Adobe-дағылардың айтуынша, олар тапсырмаларын жақсырақ орындауда.