Home Электроника Аксессуарлар Philips Fixables: Үйдегі 3D-принтермен құрылғыны жөндеуге мүмкіндік

Philips Fixables: Үйдегі 3D-принтермен құрылғыны жөндеуге мүмкіндік

17

Philips компаниясы тұрмыстық техникаларды өз қолымен жөндегісі келетіндерге арналған жаңа бағдарламаны іске қосты. Philips Fixables деп аталатын жоба арқылы пайдаланушылар компания ұсынған сызбалар негізінде қосалқы бөлшектерді үй жағдайында 3D-принтермен басып шығара алады.

Бағдарлама қазірдің өзінде Чехияда іске қосылып, жергілікті Prusa Research 3D-баспа компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Кез келген адам қажетті бөлшектің моделін жүктеп алып, басып шығара алады. Бұл бастама экология тұрғысынан да маңызды — өндірістік қалдықтарды азайтуға көмектеседі.

Philips баспаға арналған материалдар мен құрылғы баптауларына қатысты нақты нұсқаулықтар ұсынып отыр. Осы талаптар сақталған жағдайда, дайын бөлшектер компания стандарттарына сай келеді және қауіпсіз деп есептеледі.

Бағдарлама әзірге сынақ кезеңінде. Қазіргі уақытта тек OneBlade триммеріне арналған саптама ғана қолжетімді. Алайда компания алдағы уақытта басып шығаруға болатын бөлшектер тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, пайдаланушылар сұраныс білдірсе, кей бөлшектердің сызбаларын жеке жолдап беру мүмкіндігі қарастырылған.