Норвегиялық Opera компаниясы жаңа буындағы Neon атты агенттік жасанды интеллект жүйесін іске қосқанын хабарлады. Бұл жай ғана бразуер емес, ол пайдаланушының тапсырмаларын орындай алатын сандық көмекші.
Neon үш негізгі модульден тұрады: Chat, Do және Make. Chat — сұранысқа, ақпаратқа байланысты ақпарат іздей отырып, қолданушымен сөйлеседі. Do — билет брондау, нысандарды автоматты толтыру сияқты практикалық тапсырмаларды орындайтын ЖИ-агентті іске қосады. Make — мәтіндік сұраныс негізінде сайттар, ойындар мен код құрастырады.
Жүйенің ерекшелігі — веб-парақтарды визуалды түрде талдамай, олардың құрылымын тікелей өңдеуінде. Бұл жылдамдықты арттырып, құрылғыға түсетін жүктемені азайтады. Барлық әрекеттер құрылғыда орындалады, жеке мәліметтер серверге жіберілмейді. Ал маңызды тапсырмалар тек қолданушының рұқсатымен іске асады.
Neon терезесі жабылған соң да фондық режимде жұмысын жалғастыра алады. Барлық процесті пайдаланушы кез келген сәтте тоқтата алады немесе қолмен басқара алады.
Neon ақылы түрде қолжетімді болады. Бағасы мен нақты шығу мерзімі әзірге белгісіз.