Home Робот пен дрондар,ЖИ OpenAI жаңа флагмандық моделін таныстырды

OpenAI жаңа флагмандық моделін таныстырды

18

Енді ChatGPT платформасында OpenAI компаниясының ең жаңа моделі – O3-pro ресми түрде қолжетімді болмақ. Аталмыш модель қазіргі таңда ChatGPT Pro, ChatGPT Team және API арқылы қолданушыларға ұсынылып отыр. Модель интернеттегі ақпаратпен жұмыс істей алады, визуалды деректерді талдайды, Python тілін қолданады және есте сақтау қабілеті арқылы жекелендірілген жауаптар ұсынады. Алайда оның жауабы бұрынғы нұсқаларға қарағанда сәл баяу шығарылады.

O3-pro – OpenAI биыл таныстырған o3 reasoning model моделінің жетілдірілген нұсқасы. Ол дәстүрлі тілдік модельдерден ерекшеленіп, тапсырмаларды кезең-кезеңмен орындайды. Мұндай әдіс әсіресе нақты есеп-қисап пен логика талап етілетін ғылым, математика сияқты салаларда сенімді нәтиже береді.

Модель интернеттен ақпарат іздеу, файлдармен жұмыс істеу, суреттерді талдау, Python тілін қолдану және жады арқылы жекелендірілген жауап беру мүмкіндіктеріне ие. Алайда бір кемшілігі – жауап беру жылдамдығы төмендеу, бұл күрделі есептеулер мен қадамдық өңдеуге байланысты.

Қазіргі уақытта O3-pro кейбір мүмкіндіктерді іске асыра алмайды. Мысалы, уақытша чаттар мен Canvas қызметі уақытша тоқтатылған. Сондай-ақ, бұл модель бейнематериал мен сурет құрастыруға арналмаған.

Дегенмен, o3-pro бірқатар беделді тесттерде әсерлі нәтиже көрсетті. Мәселен, AIME 2024 математикалық сынағында ол Google-дің Gemini 2.5 Pro моделінен озып, ғылыми білімді бағалайтын GPQA Diamond тестінде Claude 4 Opus моделін артта қалдырды.

Сарапшылардың айтуынша ,жаңа модель ойды анық жеткізуі, жауаптың толық әрі нұсқаулыққа сай құрылуы және жалпы шынайылығы жағынан O3-pro алдыңғы нұсқалардан әлдеқайда озық.

Модель жақын күндері ChatGPT Enterprise пен ChatGPT Edu пайдаланушыларына да қолжетімді болады. Сонымен қатар, API арқылы әзірлеушілер де жаңа модельді пайдалана алады. Тарифі: 1 миллион кіріс токеніне – 20 доллар, 1 миллион шығыс токеніне – 80 доллар. Бұл – шамамен 750 000 сөзге тең көлем.