OpenAI компаниясы ChatGPT-ке жаңа мүмкіндік енгізді. Енді қолданушылар сурет салу үшін ұзақ әрі нақты сипаттама жазып әуре болмайды. Тек дайын стильдер арасынан таңдау жеткілікті.
Мысалы, «аниме», «ретро-анимация» немесе «фотосессия» сияқты визуалды шаблондарды бір рет басу арқылы суреттің бағытын белгілеуге болады. Бұған дейін жүйе нақты жазылған сұранысқа сүйеніп жұмыс істейтін. Бір ғана сөздегі қате немесе бұлыңғыр сипаттама нәтижеге айтарлықтай әсер ететін.
Енді алгоритм өзі қажетті параметрлерді таңдап, бейнені қолданушы көрсеткен стиль бойынша жасайды. Бұл тәсіл нейрожелімен бұрын жұмыс істеп көрмеген адамдарға да қолайлы. Тіпті, п6ромпт-инжиниринг туралы білудің қажеті жоқ.
Функция ChatGPT қолданушылары үшін қолжетімді. OpenAI мамандарының айтуынша, басты мақсат – визуалды шығармашылықты баршаға түсінікті әрі қолжетімді ету.