OpenAI компаниясы ChatGPT чат ботының жаңа қызметін – ChatGPT Health таныстырды. Бұл мүмкіндік пайдаланушыларға өздерінің медициналық жазбаларын және денсаулықты бақылау қосымшаларын қосып, ағзаның жағдайына қатысты сұрақтарға жеке, нақты жауап алуға жол ашады.
Компания бұл бөлімде қолданылатын деректердің құпиялығын қамтамасыз ету үшін арнайы шаралар қабылданғанын хабарлады. Сонымен қатар, Health бөліміндегі әңгімелер негізгі жасанды интеллект моделін оқыту үшін пайдаланылмайтыны айқындалды.
Қызмет қазір тестілік режимде жұмыс істеп тұр, кейбір өңірлерде қосымшаларды платформамен байланыстыру шектелген. OpenAI бұл қызметтің диагностика немесе емдеуге арналмағанын атап өтті. Мамандардың кеңесін алмастыра алмайтын ChatGPT және басқа жасанды интеллект жүйелері кейде қате ақпарат таратуы мүмкін.
Жеке медициналық ақпаратты чат бот арқылы беру әлі де пікірталас тудырады. Бұған дейін OpenAI бір жасөспірімнің чат. ботты өзіне зиян келтіру үшін қолданған жағдайымен бетпе-бет келіп, өнімді пайдалану кезіндегі психологиялық қауіптерге ерекше назар аударған еді.
Сондықтан ChatGPT Health денсаулықты бақылауды ыңғайлы және жекешелендірілген түрде жүргізуге мүмкіндік берсе де, оны медициналық мамандардың кеңесін алмастыратын құрал деп қабылдауға болмайды.










