Home Технологиялар Ғарыш NASA ғарышкерлерге ғарышқа смартфон алып шығуға рұқсат берді

NASA ғарышкерлерге ғарышқа смартфон алып шығуға рұқсат берді

14

NASA ғарыштық миссиялар аясында жеке смартфондарды пайдалануға ресми түрде рұқсат берді. Бұл шешімнің негізінде қоғамдағы өмір салты мен ақпаратты қабылдау мәдениетінің өзгеруі жатыр. Бүгінде адамдар тосын сәттерді сол мезетте түсіріп, кейін қайта қарап, әсерін бөлісуді ұнатады. Мұндай мақсатқа кәсіби түсіру құралдары әрдайым қолайлы бола бермейді. Ал күнделікті қолданыстағы смартфон бұл тұрғыда әлдеқайда ыңғайлы шешім саналады.

Жеке түсірілімдердің техникалық сапасы негізгі талаптардың қатарына жатпайды, ол қосалқы сипатқа ие. Ғылыми және қызметтік хаттамаларға сәйкес тіркелуі тиіс барлық деректер арнайы құрылғылар арқылы, соның ішінде Nikon маркалы цифрлық айна фотоаппараттармен түсіріледі. Ал қалған сәттерді түсіру Crew-12 және Artemis I0049 миссияларына қатысушылардың өз еркінде болады. Олар өздеріне әсер еткен көріністерді жеке гаджеттерінің көмегімен еркін түрде таспалай алады.

Айды игеруге бағытталған болашақ миссияларға қатысатын ғарышкерлер смартфондарды өз қалауынша пайдалана алады. NASA таратқан мәліметте бұл жөнінде қандай да бір шектеулер көрсетілмеген. Керісінше, мамандарды өздерінің жұмыс ортасынан мүмкіндігінше көбірек селфи және шабыт сыйлайтын көріністерді түсіруге ынталандыру көзделген.

Техкульт