Home Кәсіби маман Министр цифрлық даму саласындағы жаңа бастамаларды таныстырды

Министр цифрлық даму саласындағы жаңа бастамаларды таныстырды

41

Қазақстанның цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев Сан-Францискода өткен Central Eurasia at Silicon Valley конференциясында үкіметтің цифрландыру жөніндегі бастамаларын таныстырды. Бұл туралы МЦРИАП-тың баспасөз қызметі хабарлады.

Министр 2024-2029 жылдарға арналған ауқымды бағдарламада мемлекеттік қызмет үшін жасанды интеллектіні (AI) дамыту және мемлекет, бизнес, ғылыми қауымдастық пен халықаралық серіктестер арасында ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатынмен Alem.AI ұлттық орталығын құру жоспарланғанын атап өтті.

– Соңғы уақытта жаңа технологиялардың, оның ішінде AI, блокчейн және GameDev салаларының дамуы белсенді жүріп жатыр. Бұл IT-жобаларды жасау нарығын ынталандыруда. Көптеген стартаптардың сәтті мысалдары венчурлық қаржыландыру тарту арқылы миллиардтық компанияларға айналуда. Мұндай мысалдар кәсіпкерлер үшін алға жылжуға,жаңа жобамен айналысуға мотивация болып отыр, – деді министр.

Сонымен қатар, Жасұлан Мәддиев қазақстандық стартаперлердің алдында тұрған қиындықтарға да тоқталды. Оның айтуынша, қазақстандық инвесторлар қазіргі уақытта стартап бастмаларына шамамен $100-200 мың салуға дайын, бірақ дамушы стартаптарға $1-2 миллион инвестиция тарту қиын.

– Сондықтан қазақстандық стартаптарды шетелде, әсіресе Кремний алқабында таралу мен қолдау үшін қолдау көрсету қажет. Алдағы уақытта ірі халықаралық стартап-компаниялардың пайда болатынына сенеміз, – деп атап өтті Жасұлан Мәдиев.