Home Интернет и сеть Ұлыбританияда қылмыскерлерді анықтау үшін ЖИ жүйесі сынақтан өткізілуде

Ұлыбританияда қылмыскерлерді анықтау үшін ЖИ жүйесі сынақтан өткізілуде

112

Ұлыбританияның полиция департаменті Soze атты интеллектуалды жүйені сынақтан өткізуде. Бұл жүйе қылмысты анықтауға көмектеседі. ЖИ жұйесі іс бойынша материалдарды жылдам көшіру мүмкіндігімен ерекшеленеді. Бұл тергеушілерінің жұмыс уақытын едәуір қысқартады. Дегенмен, сарапшылар оның дәлдігіне күмән келтіріп, қателіктердің ықтималдығы бойынша алаңдауда.

Дегенмен, Soze жүйесінің Оңтүстік-Батыс Англияның кейбір аймақтарында енгізілуі табысты және келешегі барекені анықталды. ЖИ жүйесі 27 күрделі іс бойынша электронды пошта, әлеуметтік желілердегі парақшалар, бейнетастпалар мен суреттерді  30 сағат ішінде көшіре алады. Ал қарапайым адамға кемінде 81 жыл қажет болар еді. Аталмыш жүйе кадр тапшылығы мен қаржылай қиындықтарға  байланысты қолдану өте тиімді болмақ.

Ұлыбритания полиция басшыларының ұлттық кеңесінің төрағасы Гэвин Стивенс бұл жүйені өте пайдалы деп санайды.Сонымен қатар,көп материалды зерттеуге талап ететін істерді тергеуде оның мүмкіндіктерін байқады. Британияның құқық қорғау жүйесіне ЖИ енгізу өз бағытымен жүрізілуде. Қазіргі таңда қылмыскерлердің қолданған пышақтары мен суық қарулардың қоры құрылды.

Дегенмен, мұндай интеллектуалды жүйелер тек болашаққа үміт отын  жақпай, сақтықты да қажет етеді. Қателіктер мен жалған белгілердің құны тым жоғары – ЖИ қабылдаған шешімдер нақты адамдардың тағдырын анықтай алады. Полиция қызметінде жасанды интеллектіні қолдану мұқият жүзеге асырылуы тиіс.