Жақында шыққан E-Ink планшеті reMarkable Paper Pro жаңа түсті экранмен жабдықталды. Бұл құрылғы өз класындағы ең жұқа екені анықталды. Оның қалыңдығы небәрі 5,1 миллиметр. Сонымен қатар, жазбалар жасау үшін 11,8 дюймді экран ұсынған.
Пайдаланушыларға эскиздер мен жазбалар үшін 9 түсті таңдауға болады. Сонымен қатар, түстерді қосу немесе араластыру мүмкіндіктері де бар. Гаджеттің реттелетін жарығы бар және оның жауап беру уақыты небәрі 12 мс. Сондықтан оны бәсекелестерінің арасында ең сезімтал деп атауға болады. Құрылғы 1,8 ГГц процессорында жұмыс істейді, 2 Гб жедел жады мен 64 Гб тұрақты жадыға ие.Ал 5030 мА⋅ч аккумулятордың арқасында планшеттің автономды жұмыс уақыты 14 күнге дейін жетеді.
Пайдаланушыларға пернетақтаны қолдану қажет болса, қосымша сатып алуға болады. Онымен қоса,мамандар қауіпсіз жүктеу және құпиясөзбен қорғау мүмкіндіктерін ұсынады. Ең қарапайым жабдықтау reMarkable Paper Pro 579 доллар тұрады. Сонымен қатар, айына 2,99 долларға шектеусіз жад және басқа құрылғылармен автоматты синхрондау мүмкіндігі берілетін жазылымды сатып алуға болады.