Home Ойын-сауық Киберспорт Киберспортқа ректорлық грант ойнатылды

Киберспортқа ректорлық грант ойнатылды

14

2025 жылғы 19–20 шілде күндері «Киберспорт» мамандығына арналған ректорлық гранттар сарапқа салынған онлайн-турнир өтті. Іріктеу кезеңі ретінде ұйымдастырылған бұл жарыс – елімізде киберспорт саласын білім беру деңгейіне шығару жолындағы алғашқы ауқымды бастамалардың бірі.

Турнирді Дене шынықтыру мәдениеті және бұқаралық спорт академиясы (APEMS) Qazaq Cybersport Federation және FastCup платформасымен бірлесіп ұйымдастырды. Counter-Strike 2 ойыны бойынша өткен бәсеке «CS2: APEMS үшін шайқас» атауымен өтті.

Елімізде алғаш рет APEMS оқу орнында «Киберспорт» мамандығы ресми түрде бакалавриат деңгейінде ашылып отыр. Ал турнир жеңімпаздары осы жаңа мамандық бойынша ректор грантына ие болу мүмкіндігіне ие.

Киберспортқа ректорлық грант ойнатылды

«Киберспорт – бұл тек ойын ғана емес, болашақтың жолы», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

«Бұл — көшбасшылыққа бастайтын жол, тәртіпке үйрететін орта және болашақ кәсіби мансаптың бастауы. Біз бұл турнир арқылы дарынды жастарға өз хоббиін болашақ мамандығына айналдыруға жол ашқымыз келеді», — дейді жоба авторлары.

Киберспорт — болашақтың кәсібі

Киберспортқа ректорлық грант ойнатылды

Қазіргі таңда «Киберспорт» саласы тек ойынмен шектелмейді. Бұл бағыт аясында кәсіби жаттықтыру, менеджмент, аналитика, медиа өндіріс сынды салалар дамып келеді.

Оқу бағдарламасын тәмамдаған түлектер киберспорт жаттықтырушысы, аналитик, турнир ұйымдастырушысы, спорттық менеджер, комментатор, стример, медиа саласының маманы, SMM-менеджер, сондай-ақ осы саладағы білім беру бағдарламаларын әзірлеуші ретінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

Киберспортқа ректорлық грант ойнатылды

Жаңа мамандықтың ашылуы — Қазақстандағы киберспорт индустриясының дамуына жасалған маңызды қадам.

Турнир форматы

Жарыс екі санат бойынша өтті:

Ерлер: 2×2

Әйелдер: 1×1

Турнир FastCup платформасында Single Elimination жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Қатысу тегін әрі алдын ала тіркеу арқылы жүргізілді.

Турнир қорытындысы жақын күндері жарияланады.