Кенияның ғарыш агенттігі (KSA) Макуэни округіне құлаған жұмбақ нысан туралы мәлімдеме жасады. Оқиға 2024 жылдың 30 желтоқсанында болған. Ірі металл сақина тәріздес бұл нысан жерге қатты соққы беріп, жұрттың назарын аударды.
Агенттік өкілдерінің айтуынша, диаметрі шамамен 2,5 метр, салмағы 500 кг болатын металл сақина ғарыш зымыранының бөлшегі болуы мүмкін. Әдетте мұндай нысандар атмосферада жанып кетуі немесе мұхитқа түсуі керек еді.
«Бұл жағдайды мұқият тексеріп, халықаралық ғарыштық құқық негізінде тиісті шешімдер қабылдаймыз», – деп мәлімдеді KSA. Агенттік бұл нысанның қауіп төндірмейтінін айтты және оқиғаға жауаптыларды анықтау жұмыстары басталғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта сарапшылар құлаған нысанды зерттеп, оның шығу тегі мен салдарын анықтау үстінде. Нәтижелері туралы халықты толық хабардар етеміз деп уәде берді.
Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, нысанның суреттері көптеп таралуда.
KSA тұрғындарды сабыр сақтауға шақырып, тергеу барысы туралы тұрақты түрде ақпарат беріп отыратынын жеткізді.