Home Кәсіби маман Ішкі істер министрлігінде киберқылмысқа қарсы күрес департаменті құрылды

Ішкі істер министрлігінде киберқылмысқа қарсы күрес департаменті құрылды

22

Бұл бастама азаматтарды киберқылмыстардан қорғау және осы саладағы қауіп-қатерлермен күресуге бағытталған.

Мемлекет басшысының киберқылмыспен күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатымен Ішкі істер министрлігінде жаңа арнайы департамент құрылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа департаменттің негізгі міндеті – киберқылмыстарды анықтау, сондай-ақ осы қылмыстарға қарсы күрес стратегиясын әзірлеу. Бөлімше осы бағыттағы жұмысты тиімді жүргізу үшін заманауи технологияларды пайдаланып, тез арада шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

– Технологиялардың қарқынды дамуы мен интернет-қатерлердің көбею жағдайында арнайы департаменттің құрылуы осы мәселелерге тиімді әрі жедел әрекет етуге жол ашады, – деді Ішкі істер министрі Ержан САДЕНОВ.

Министр ІІМ-нің жеке құрамына жаңа департаменттің басшысы, полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды. Жандос Сүйінбай бұл салада үлкен тәжірибе жинақтаған маман.