Home Робот пен дрондар,ЖИ Интернеттегі мәтіндердің тең жартысы — жасанды интеллекттің туындысы

Интернеттегі мәтіндердің тең жартысы — жасанды интеллекттің туындысы

24

Интернеттегі мақалалардың шамамен тең жартысын енді адамдар емес, жасанды интеллект жазуда. Мұндай дерек Graphite компаниясының зерттеуінде келтірілген.

Мәліметке сәйкес, 2024 жылдың қараша айында жасанды интеллект құрастырған мәтіндердің саны алғаш рет адам жазбаларынан асып түскен. Қазір бұл көрсеткіш тең деңгейде қалып отыр.

Контент көлемінің күрт өсуі 2023 жылы басталған. Бұл ChatGPT жүйесінің іске қосылуымен байланысты. Аталған чат-бот жасанды интеллекттің қолжетімділігін арттырып, жаңа технологияға сұранысты еселеді. Осыдан кейін түрлі платформаларда мәтін жазатын жүйелер көбейді.

Дегенмен, іздеу жүйелері әлі де адам қолымен жазылған мақалаларды жоғары бағалайды. Мәселен, Google іздеуінде жарияланған материалдардың 86 пайызы — адам еңбегі, ал қалған 14 пайызы — жасанды интеллект жасаған мәтіндер. Сол сияқты ChatGPT мен Perplexity секілді жүйелерде де адам жазған деректер басым.

Сарапшылардың айтуынша, жасанды интеллект ақпарат ағынын жеделдетіп, мазмұн өндіру ісін жеңілдеткенімен, адам жазған мәтіннің ой тереңдігі мен баяндау мәнері әлі де артық. Сондықтан алдағы уақытта ең құнды контент — технология мен адам еңбегінің үйлесімінен туындайды деп болжануда.