Home Техника Индонезияда дрондарға қарсы қолдануға арналған қол лазер қаруы таныстырылды

Индонезияда дрондарға қарсы қолдануға арналған қол лазер қаруы таныстырылды

11

IndoDefence 2025 көрмесінде индонезиялық PAL Indonesia компаниясы шағын қашықтықтағы барлау және соққы жасайтын дрондарды (әсіресе FPV режіміндегі) залалсыздандыруға арналған қол лазер қаруын таныстырды. Жүйе иықтан оқ ататын мылтық формасында жасалған.

Лазер қуаты 0,75-тен 2 киловаттқа дейін жетеді. Бұл дрондардың шағын электронды жүйелерін уақытша істен шығаруға немесе зақымдауға мүмкіндік береді. Қарудың өзі төрт келі тартады. Ал қуат көзі ретінде қолданылатын батарея шағын сөмкеге орналастырылады. Бұл шешім құрылғының салмағын азайтып, ыңғайлы тасымалдауға жол ашады.

Құрастырушылар ыңғайлы көздеуді қамтамасыз ету үшін құрылғыны ерекше пішінде жасаған. Ол 1x-ден 4x-ке дейін үлкейте алатын көздеуішпен жабдықталған, бұл 50-ден 400 метрге дейінгі аралықтағы нысаналарды дәл көздеуге мүмкіндік береді.

Лазер қаруы 15×20 сантиметр көлеміндегі әуе нысаналарын көздеп ататын етіп бапталған. Бұл қазіргі FPV-дрондардың қалыпты өлшеміне сай келеді.