Home Технологиялар Ғаламтор және желі Илон Масктың болжамы: Жасанды интеллект пен ғарыштық зерттеулердің болашағы

Илон Масктың болжамы: Жасанды интеллект пен ғарыштық зерттеулердің болашағы

13

Илон Масктың болжауынша, жақын арада жасанды интеллект (ЖИ) адам мүмкіндіктерімен теңесіп, 2029 жылға қарай оларды айтарлықтай басып озатын болады. Маск ЖИ-нің адамзат үшін экзистенциялық қатер туғызатынын, бірақ төндіретін қатерлердің іске асу ықтималдығы 10-20%-дан аспайтынын атап өтті.

Маск адамзаттың ең өзекті мәселелерінің бірі ретінде демографиялық дағдарысты атады. Жер тұрғындарының қартаюы мен туу деңгейінің төмендеуі әлем бойынша үлкен мәселе туындатуда. Бұл мәселелер бірнеше ұрпақтан кейін айтарлыкқтай сезілуі мүмкін. Маск 2040 жылға қарай гуманоидты роботтардың саны Жердегі адамдардан көп болатынын болжайды.

Энергетика саласында да өзгерістер орын алуда. Болашақта электрлік көлік пен ЖИ энергетикасы ең қымбат салаларға айналмақ. Бұл тұста адамдар тауарлар мен қызметтерде молшылыққа бөленіп, олар көпшілік үшін қолжетімді болады. Алғашқы басқарусыз кемелер Марсқа екі жылдан кейін аттанады деп жоспарлануда. Ал пилоттық ғарыш ұшулары алғашқы басқарусыз ұшу аяқталған соң екі жылдан кейін басталуы мүмкін. Қазіргі уақытта дамып жатқан Optimus андроидтары Tesla компаниясының құнын 25 триллион АҚШ долларына дейін жеткізуі мүмкін.