Home Кәсіби маман Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атануы мүмкін

Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атануы мүмкін

42

Mobilaser агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлағандай, Tesla акционерлері Илон Маск үшін рекордтық өтемақы пакетін мақұлдады. Жыл сайынғы жиналысқа қатысқан акционерлердің 75%-ы ұсынысты қолдаған.

Бұл пакет Tesla компаниясының нарықтық құнының өсуіне және бірнеше маңызды көрсеткіштердің орындалуына тікелей байланысты. Егер жоспар жүзеге асса, Маск компанияның жүздеген миллион жаңа акциясына ие болады, бұл оны тарихтағы алғашқы триллионер етуі мүмкін. Қазіргі уақытта Tesla-ның капитализациясы шамамен 1,4 триллион долларды құрайды. Ал бонус алу үшін оны 8,5 триллион долларға жеткізіп, Tesla Robotaxi автопилоттық миллиондық автопаркын жолға шығаруы қажет.

Маск басымдықты автопилот және жасанды интеллект технологияларына береді. Остин қаласында өткен жиналыста ол: «Біз тек Tesla-ның жаңа тарауын жазып отырған жоқпыз, мүлде жаңа кітап жазып жатырмыз» – деп атап өтті.

Өтемақы пакеті 7,5 жылға арналған және Масктың компаниядағы үлесін 12%-дан 25%-дан асып жеткізуге мүмкіндік береді. Сол уақытта Маск негізгі шешімдерді бақылауда ұстай алмаса, басқарудағы рөлін азайту немесе компаниядан кету мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін де айтты.

Сарапшылардың пікірінше, акционерлердің бұл шешімі Tesla-ның технологиялық әлеуетіне жоғары сенімділіктің және компанияның жақын жылдары цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні белсенді түрде дамытуға дайын екендігінің нақты белгісі болып отыр.