Home Техника Автокөліктер Илон Маск көптен күткен робот таксиді таныстырды.

Илон Маск көптен күткен робот таксиді таныстырды.

66

Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маск көптен күткен робот таксиді таныстырды. Толық автономды көлік Tesla-ның табысын триллион долларға көбейтуді көздейді. Бұл туралы  theverge.com хабарлайды .

Илон Масктың айтуынша, бұл Uber мен Airbnb-дің бірігуінен шыққан туынды. Tesla иелері өз автопилотты көліктерін жалға бере алады. Яғни, иесі өз істерімен айналысқанда, Tesla көлікке жолаушыларды мінгізіп, қажетті жерлеріне жеткізе алады.

Бәсекелестік қысымы

Алайда, Қытай, электромобильдер саласында дамып, Tesla-ға айтарлықтай бдамуына кедергі болды. 2024 жылдың бірінші жартысында бәсекелестік америкалық компанияны қатты басып өтті. Егер Маск «толық автономды көлік» -деп,  жалған өнім ұсынса, оның және Tesla-ның беделі дағдарысқа ұшырауы мүмкін.

Технологиялар мен жауапкершілік

Бүгінгі күнге дейін Tesla-ның ешбір көлігі толық автономды емес еді. Алайда,Илон  Маск Tesla автопилотты пайдалану кезінде болған апаттар немесе өлім жағдайлары үшін заңды жауапкершілікті алмайтынын айтты, тек конструкцияның ақауы болса ғана жауапкершілік алады. Толық автономды көліктер үшін Tesla жауапкершілікті алуға дайын ба, бұл сұрақ ашық күйінде қалмақ.