Home Робот пен дрондар,ЖИ GPS-сыз 72 км/сағ жылдамдықпен ұшатын дрон жасалды

GPS-сыз 72 км/сағ жылдамдықпен ұшатын дрон жасалды

21

Гонконг университетінің инженерлері орман арасымен спутниктік бағыттаушысыз-ақ (GPS ) сағатына 72 шақырым жылдамдықпен еркін ұша алатын жаңа буындағы дрон әзірледі. SUPER деп аталған бұл ұшу құрылғысы тек өзіндегі сенсорлар мен есептеу жүйесіне сүйене отырып, 2,5 мм ғана болатын кедергілерді де айналып өте алады. Ғалымдар бұл технологияны құтқару операцияларында, инфрақұрылымды тексеруде және шалғайдағы елді мекендерге жүк жеткізуде қолдануға болатынын айтады.

SUPER дронының басты артықшылығы – аппараттық және бағдарламалық қамтылымының тиімді үйлесімінде. Ол 70 метр қашықтыққа дейін кедергілерді анықтай алатын жеңіл LIDAR құрылғысымен жабдықталған. LIDAR нақты уақытта екі түрлі ұшу бағытын құрастырады: бірі – жылдам әрі үнемді қозғалыс үшін, екіншісі – кедергіден таза жолдармен қауіпсіз ұшу үшін.

Салмағы небәрі 1,5 келі болатын дронның ені 28 см ғана. Осы ықшамдылығы мен жылдам есептеу жүйесінің арқасында SUPER қалың ормандарда, тіпті түнде де кедергілерге соқтықпай ұша алады. Тіпті жіңішке сымдарды да айналып өтетін қабілеті бар.

Технология жергілікті және тарихи нысандарды зерттеу, орман бақылауы, инфрақұрылым тексерісі, карта жасау, барлау және жүк жеткізу бағытында сыналды. Ал төтенше жағдай кезінде, мысалы, жер сілкінісі немесе опырылған ғимараттарда тірі қалғандарды іздеуде немесе апат салдарын бағалауда таптырмас құрал болмақ.

Зерттеушілер SUPER жүйесін құстардың рефлексіне теңейді: деп аталатын ол кедергілерге жылдам жауап беріп, бағытты нақты ұстап ұша алады. Бұл – ұшқырлық пен қауіпсіздікті үйлестірген жаңа буын дрондарының бастауы болуы мүмкін.