Home Электроника Аксессуарлар Енді қазақстандықтар өз атына қанша SIM-карта тіркелгенін тексере алады

Енді қазақстандықтар өз атына қанша SIM-карта тіркелгенін тексере алады

16

Қазақстан азаматтары енді өз атына Қазақстан азаматтары енді өз атына қанша мобильді нөмір рәсімделгенін онлайн түрде тексере алады. Жаңа қызмет 2025 жылдың сәуір айынан бастап eGov.kz порталында қолжетімді.

Мәжіліс отырысында сөз сөйлеген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, әр азамат порталға кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу арқылы өз атына тіркелген SIM-карталардың толық тізімін көре алады.

Министрлік бұл жаңашылдықты азаматтардың жеке мәліметтерін қорғау және бөтен біреудің атынан SIM-карта рәсімдеу арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу үшін енгізіп отыр. жағдайлар:

– нөмірді қылмыстық әрекеттерге пайдалануға,
– микрокредиттер мен банктік қызметтер арқылы алаяқтық жасауға,
– жеке деректер мен онлайн-сервистерге заңсыз қол жеткізуге алып келуі мүмкін.

Бейтаныс нөмір тіркелгенін байқасаңыз, не істеу керек?

Егер өз атыңызға белгісіз нөмір рәсімделгенін байқасаңыз, келесі қадамдарды орындаңыз:

– Байланыс операторының кеңсесіне немесе колл-орталығына хабарласыңыз;
– Жеке куәлігіңізді көрсетіп, мән-жайды түсіндіріңіз;
– Атыңызға тіркелген күмәнді нөмірді өшіруді талап етіңіз.

Операторлар мұндай шағым бойынша міндетті түрде тексеріс жүргізіп, қажет болған жағдайда, алаяқтық жолмен тіркелген SIM-картаны жүйеден өшіруге тиіс.