Home Кәсіби маман Еліміз үшін геологиялық ақпараттың цифрлануы не үшін маңызды?

Еліміз үшін геологиялық ақпараттың цифрлануы не үшін маңызды?

65

Геология  мен жер қойнауын пайдалану – цифрландыруды аса қажет ететін салалар. Бұл бағыттағы негізгі жобалардың бірі – жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформысын құру. Қазақстан Республикасының индустрия және құрылыс министрлігінің бұл жобасы қоғамға геологиялық ақпараттық деректер қорына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жобаның негізгі ерекшеліктерінің бірі – деректер базасын толықтыру үшін бастапқы және екінші реттік геологиялық ақпаратты цифрландыру.

Геологиялық ақпаратқа 20-шы ғасырдың 60-шы жылдарынан бастау алған қағаз карталары мен енесептері, магниттік таспалары және басқа да геологиялық зерттеу материалдары сақталған мұрағат кіреді.

Ел мұрағатындағы бастапқы геологиялық ақпаратты цифрландыру жер телімдерін тереңірек зерттеу үшін жүргізіледі. Қазақстанның геологиялық қорларындағы бастапқы геологиялық ақпараттың жалпы саны 4 579 342 бірлікті құрайды. Мәліметтерді жинаудан, құрылымдаудан, көшірме жасаудан бастап, сапаны бақылау және деректер базасына енгізуге дейін жеті кезеңнен тұратын цифрландыру үдерісі құрылған.

Осылайша, геологиялық, геофизикалық және гидрогеологиялық зерттеулердің нәтижелері сияқты барлық ақпарат еліміздің жер аумағына сәйкестендіріліп, цифрлық форматқа көшірілетін болады.

Қазақстан территориясының геологиялық-геофизикалық зерттелуіне қатысты ақпарат 1:10000, 1:50000, 1:200000 және басқа масштабтардағы зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша цифрлық форматта ұсынылған. Зерттелу аумағына екінші деңгейдегі геологиялық ақпарат, яғни бірегей стандартқа сәйкес құрылымдалған геологиялық есептердің электронды нұсқалары мен графикалық қосымшалары енгізілген.

Ағымдағы мәліметтер бойынша, ЕПН-де жариялау үшін 56 180 электронды есеп дайындалды, олар бірегей стандартқа сәйкес құрылымдалған. Бұл есептерді онлайн режимінде тегін қарап шығуға болады, сондықтан геологиялық қорларға физикалық түрде барудың қажеті болмайды. Қызығушылық танытқан адамдар толық мәліметтер жинағын сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Және ең бастысы, геологиялық деректерді цифрландыру жер қойнауын пайдалану саласын дамытуға, инвестиция тартуға және кәсіпті жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге көмектеседі.