Home Және басқа ақпараттар ElevenLabs компаниясы жаңа «Voice Design» құралын таныстырды

ElevenLabs компаниясы жаңа «Voice Design» құралын таныстырды

11

ElevenLabs компаниясы өзінің жаңа технологиялық өнімі- «Voice Design» құралын таныстырды. Бұл құрал пайдаланушыларға тек мәтін арқылы бірегей синтетикалық дауыстар жасауға мүмкіндік береді.

Компанияның аталмыш технологиясы жоғары сапаға ие, сондықтан жаңа құрал арқылы қолданушылар өздеріне қажетті дауысты жылдам әрі оңай ала алады.

Бұл жаңа технология шығармашылық жобалар үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады. Ол бейнемазмұннан бастап подкасттарға дейін әртүрлі жобаларда қолданыла алады. «Voice Design» құралы жасанды интеллектінің жаңа дәуіріне жол ашты. Өйткені сапалы жасанды дауыс жасау бұрындары күрделі әрі көп уақыт алатын процесс болатын. Ал «Voice Design» технологиясы бұл мәселенің шешімін тауып,, дауыс жасау процесін 85%-ға дейін жылдамдатуға мүмкіндік береді.

ElevenLabs компаниясының жаңа құралы жасанды интеллектінің музыкалық және контент саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, шығармашылық бағытта жаңа бастамаларға жол ашады.