Home Техника Автокөліктер Электр көліктері: бастапқы үнемдеу мен қымбат жөндеудің арасындағы теңгерім

Электр көліктері: бастапқы үнемдеу мен қымбат жөндеудің арасындағы теңгерім

43

Электрлік көліктердің иелері жаңа қиындықтармен бетпе-бет келуде. Олар суық ауа райында ғана емес, сонымен қатар бастапқы құнының жылдам түсуі мен жөндеуге кететін шығындардың артуы мәселелеріне де тап болуда. Жақында тағы бір маңызды мәселе анықталды.

Mitchell компаниясы АҚШ-та жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, электр көліктерін жөндеу дәстүрлі көліктерге қарағанда қымбатырақ. Орташа алғанда, электр көлігінің жөндеу құны 5560 долларды құраса, бензинмен жүретін көліктер үшін бұл көрсеткіш 4741 долларды құрайды. Сондай-ақ, электр көлігін жөндеуге орта есеппен 19,5 күн уақыт қажет болса, ішкі жану қозғалтқышы бар көліктер үшін бұл мерзім 16,5 күнді құрайды.

Tesla көліктерін жөндеу- бұл шынымен де қымбат процесс. Себебі: Tesla аккумуляторы көліктің ең маңызды бөлігі. Сондықтан да аккумуляторда ақау пайда болса, оны толық ауыстыру қажет болуы мүмкін. Ал көптеген бәсекелестер өз көліктерінде модульді аккумуляторларды пайдаланады, оларды бөлшектеп жөндеуге болады.

Зерттеуде көптеген қызықты қорытындылар жасалған, бірақ ең бастысы – электр көліктерінің арзан болуы басқа шығындармен өтеледі. Сонымен қатар, олардың бастапқы құны ішкі жану қозғалтқышы бар көліктерге қарағанда жоғары екені ескерілсе, электр көліктерін сатып алудың тиімділігі жоқ деуге болады. Бұл таңқаларлық көрінгенімен, шындық.