Home Және басқа ақпараттар Және басқалары “Electronica Expo Kazakhstan 2025” көрмесі Астанада өтеді

“Electronica Expo Kazakhstan 2025” көрмесі Астанада өтеді

43

2025 жылғы 9–11 шілде күндері Астанадағы Халықаралық «EXPO» көрме орталығында Орталық Азиядағы электроника саласына арналған ең ірі халықаралық шара – Electronica Expo Kazakhstan 2025 көрмесі өтеді. Бұл алаңда сала көшбасшылары, озық технологиялар мен өндірістік шешімдер бас қосады. Көрме өндіріс тізбегінің бүкіл кезеңін – компоненттерді шығарудан бастап, заманауи электрондық жүйелерді әзірлеу мен жинауға дейін ұсынады. Қатысушыларды тіркеу ресми сайтта жүргізіледі.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің, Қазақстанның Электрондық өнеркәсіп қауымдастығының, IT-компаниялар қауымдастығы мен Жарықдиодтар мен олардың негізіндегі жүйелер өндірушілері қауымдастығының қолдауымен өтеді. Көрмеге ә лемнің 10-нан астам елінен 150-ден астам компания қатысып, электроника, автоматтандыру, қуат техникасы мен цифрлық технологиялар салаларындағы үздік жетістіктерін ұсынады.

Неліктен Electronica Expo Kazakhstan көрмесіне қатысу маңызды?

– Өнім таныстыру мүмкіндігі:Жаңа өнімдеріңізді мақсатты аудитория – әлеуетті тұтынушылар, инвесторлар мен мемлекеттік мекеме өкілдеріне көрсетесіз.

-Жаңа іскерлік байланыстар:Кәсіпорындар арасындағы кооперацияны дамытуға, серіктестер табуға жол ашылады.
Бизнесті кеңейту: Жаңа нарықтарға шығу, тұтынушылар базасын ұлғайту мүмкіндігі туады.

-Саладағы трендтер туралы ақпарат:Көрме аясында өтетін іскерлік бағдарламада саланың соңғы жаңалықтарымен танысып, оларды іс жүзінде қолдану жолдарын үйренесіз.

Көрме екі бағытқа бөлінеді, әрқайсысы өз аудиториясына арналған:

Consumer Electronics Expo – дайын өнімдерге арналған алаң: тұрмыстық техника, автоэлектроника, электромобильдер, дрондар және басқа да заманауи құрылғылар ұсынылады.

Electronica Expo– электрондық өнеркәсіпке қажетті компоненттер мен технологиялық шешімдерге арналған бағыт. Мұнда толық өндірістік циклге қажет өнімдер мен қызметтер көрсетіледі.

Electronica Expo Kazakhstan 2025– бұл Орталық Азия нарығына шығуға, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның мемлекеттік құрылымдары мен өндірістік компанияларымен тығыз байланыс орнатуға бірегей мүмкіндік.

Бизнестің жаңа деңгейге шығуына жол ашатын көрмеге сіз де қосылыңыз! Стендке сайт арқылы орын ала аласыз .