Home Технологиялар Қосымшалар мен бағдарламалар Еңбек министрлігі жұмыссыз қазақстандықтарға еңбекке орналасу туралы SMS жолдайды

Еңбек министрлігі жұмыссыз қазақстандықтарға еңбекке орналасу туралы SMS жолдайды

22

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қиын жағдайға тап болған, ресми тіркелген 24 790 жұмыссыз азаматқа жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жолдайды.

Бұл бастама Ұлттық статистика бюросымен бірлескен жұмыстың аясында жүзеге асуда. Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарынан басқа өңірлердегі азаматтарға 1414 қызметі арқылы бір мезетте SMS-хабарлама жіберіледі. Онда ауыл шаруашылығы халық санағына қатысу үшін жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат беріледі.

Ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін өтеді. Ол жеке сұхбат әдісімен жүргізіледі және арнайы тартылған санақ қызметкерлері арқылы атқарылады.