Home Электроника Аксессуарлар Dory Explorer: су астындағы қазыналарды іздеуге арналған дрон

Dory Explorer: су астындағы қазыналарды іздеуге арналған дрон

16

Қытайдың Chasing Innovation компаниясы 2019 жылы әлемдегі ең арзан су астындағы дронды таныстырған болатын. Ал оның дамуы нәтижесінде Dory Explorer пайда болды. Бұл дрон қазыналарды іздеушілер үшін арнайы жасалған.

Dory Explorer дронының салмағы 1,1 кг, ал оның суға бату тереңдігі 15 метрге дейін жетеді. Дрон Wi-Fi арқылы электрлі кабельмен қосылып, су бетінде еркін жүзіп жүреді. Бұл құрылғы HD камерамен жабдықталған және iOS/Android қосымшасы арқылы нақты уақытта басқаруға мүмкіндік береді. Басқару қашықтығы – 15 метрге дейін.

Түсірілген бейнемазмұн 1080p сапасында және 30 кадр/сек жылдамдығымен жазылады және 16 ГБ жадысы бар құрылғыда сақталады. Dory Explorer дроны бес қозғалтқышпен жабдықталған: үш вертикальды және екі горизонтальды қозғалтқыш, олар тереңдікті автоматты түрде реттеу функциясына ие.

Dory Explorer дронының ең жоғары жылдамдығы – 2,7 км/сағ. Дронды үш сағат қуаттағаннан кейін, оның жұмыс уақыты 35 минуттан 4 сағатқа дейін созылады. Жылдамдық пен жарық деңгейіне байланысты (250 лм) бұл уақыт бірнеше минутқа дейін қысқарады.

Компания су астындағы қазыналарды іздеушілердің сұранысына байланысты металды анықтайтын құрал мен торды қосымша ретінде ұсынды. Металл зат табылған кезде дрон қызыл шаммен белгі береді.

Құрылғының қолданылуын жеңілдету үшін, джойстикпен басқарылатын пультпен жабдықталған. Стандартты жиынтықтың бағасы 480 доллар, ал қосымша пультпен сатылатын нұсқасы 600 долларды құрайды.