Home Электроника Аксессуарлар Цифрлық кеңістікте дәм сезіну мүмкін бе? Ғалымдар жаңа технология әзірледі

Цифрлық кеңістікте дәм сезіну мүмкін бе? Ғалымдар жаңа технология әзірледі

13

Огайо мемлекеттік университетінің зерттеушілері цифрлық кеңістікте дәм сезу технологиясын дамытуға бағытталған жаңа жүйені сынақтан өткізді. Бұл бағыттағы зерттеулер бұған дейін сәтсіз аяқталып келгенімен, жаңа e-Taste жүйесі жасанды дәмді шынайырақ жеткізудің ең тиімді әдістерінің бірі болып отыр.

Адамның дәм сезу қабілеті бірдей емес және уақыт өте өзгеріп отырады. Тамақтың алғашқы дәмі мен соңғы түйсігі бірдей болмауы мүмкін. Сол себепті барлық адамға ортақ әмбебап дәм генераторын жасау – оңай шаруа емес.

Ғалымдар бұл мәселені e-Taste атты арнайы химиялық дозатор арқылы шешуге тырысты. Бұл құрылғы тілге белгілі бір пропорцияда химиялық заттар шашу арқылы жасанды дәм қалыптастырады. Мысалы: глюкоза – тәтті дәм береді, тұз – тұзды дәмді, лимон қышқылы – қышқыл, магний хлориді – ащы, натрий глутаматы – умами (дәмнің бесінші түрі).

Белгілі бір тағамның дәмін сезіну үшін осы заттардың дұрыс үйлесімі қажет. Мысалы, қуырылған тауықтың дәмін сездіру үшін екі доза умами мен бір доза тұз араластырылады. Ал жеміс шырынындағы дәмді қайта жаңғырту үшін үш доза қышқыл мен екі доза тәтті қосылады.

Алайда зерттеу барысында қатысушылар кейбір дәмдерді ажыратуда қиналды. Лимонад сияқты қарапайым сусындардың дәмін дәл жеткізу мүмкін болғанымен, кофе секілді күрделі өнімдердің дәмін тіпті визуалды көмек арқылы да нақты бейнелеу оңайға соқпады.

Ғалымдар бұл технологияны жетілдіре отырып, болашақта цифрлық ортада тамақтану тәжірибесін барынша шынайы етуге үміттенеді. Егер жоба сәтті дамыса, адамдар сүйікті тағамдарының дәмін экран арқылы-ақ сезіне алуы мүмкін.