Microsoft компаниясының негізін қалаушы, миллиардер Билл Гейтс жасанды интеллекттің қарқынды дамуына қарамастан, кей мамандықтардың өзектілігі жойылмайтынын айтты. Бұл туралы Gazeta.Pl хабарлайды.
Соңғы жылдары ChatGPT, Midjourney және DALL-E сияқты жасанды интеллект құралдарының пайда болуы еңбек нарығында өзгерістер алып келді. Көптеген сарапшылар бұл технологиялар көптеген мамандықтарды алмастыра бастайды деп дабыл қағуда. Солардың қатарында Билл Гейтс те бар.
Алайда ол жақында The Tonight Show Starring Jimmy Fallon бағдарламасында көптеген мамандықтар автоматтандырылатынын, ал кейбірі мүлде жойылып кетуі мүмкін екенін айта келе:
Көп жағдайда адамдардың еңбегі қажет бола қоймайды. Соған қарамастан, Гейтс әлі де маңызды рөл атқаратын үш негізгі мамандықты атады. Олар – бағдарламашылар, энергетика саласының мамандары және биологтар.
Оның айтуынша, жасанды интеллектінің ары қарай жетілуі мен сенімді жұмыс істеуі үшін бұл салалардағы мамандардың білімі мен тәжірибесі ауадай қажет.
«Жүйелерді жетілдіру мен басқару үшін бізге код жаза алатын адамдар қажет», — деп түйіндеді миллиардер.