Home Робот пен дрондар,ЖИ Билл Гейтс жасанды интеллект алмастыра алмайтын саланы атады

Билл Гейтс жасанды интеллект алмастыра алмайтын саланы атады

31

Жасанды интеллект жұмысты ұйымдастыру тәсілімізді түбегейлі өзгертсе де, кейбір кәсіптер әлі де тек адамға тән болып қала береді. Microsoft компаниясының негізін қалаушы, технология саласының беделді маманы Билл Гейтс ешбір машина алмастыра алмайтын мамандықты атады.

Франциядағы France Inter радиосына берген сұхбатында Билл Гейтс жасанды интеллектінің қарқынды дамуы белгілі бір алаңдаушылық тудыратынын ашық айтты. «Мен де қорқамын», – деп мойындады ол.

Сонымен қатар ол жасанды интеллекттің әлеуетіне назар аударды. Дүниежүзілік экономикалық форумның болжамына сүйенсек, 2030 жылға дейін жасанды интеллект шамамен 85 миллион жұмыс орнын қысқартуы мүмкін. Бірақ жаңа технологиялардың дамуы есебінен түрлі салада 97 миллионға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сарапшылардың айтуынша, бұл еңбек нарығына күрделі де болса, пайдалы өзгерістер әкелмек.

Билл Гейтстің айтуынша, программалау алдағы уақытта да тек адамға тиесілі мамандық болып қала бермек. Оның сөзінше, бұл саланың негізінде шығармашылық пен логикалық ойлау сияқты адамға ғана тән қабілеттер жатыр. Машина қанша дамығанымен, осы қасиеттерді толықтай қайталай алмайды.

Әрине, жасанды интеллект қайталанатын жұмыстарды, мысалы кодты түзету немесе қателерді табуды оңай орындайды. Бірақ бағдарламалаудың негізгі мәні бұған сыймайды. Оның өзегі — күрделі мәселелерді шешу, жаңа жолдар табу және адам табиғатын терең түсіну.

Гейтс атап өткендей, код жазу жай ғана командалар жиынтығы емес. Ол ойлау қабілетін, тапқырлықты және адамның дүниетанымын қажет ететін шығармашылық жұмыс.