Таяуда Ташкентте өткен математика және информатикадан III халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасында Қазақстан оқушылары ерекше жетістікке жетті. Шығыс Қазақстан облысындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді алтын медаль жеңіп алып, Орталық Азияның ең үздік информатика білгірі деп танылды.
Олимпиадаға аймақтың 9 елінен жиналған 200-ден астам дарынды оқушы қатысты. Қазақстан құрамасы бұл байқауда 100% нәтиже көрсетіп, қатысқан алты оқушының барлығы да жүлдемен оралды.
Жеңімпаздар тізімі:
Алдияр Амангелді – 9-сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Өскемен;
Әли Мендеке – 9-сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Семей;
Мейірбек Мұрат – 9-сынып оқушысы, НЗМ, Орал;
Медеу Жұбатыров – 8-сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтау;
Айдайбек Абдурахман – 9-сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Тараз;
Нұрислам Дүйсенғали – 9-сынып оқушысы, РҚММШ, Алматы.
Команда жаттықтырушылары: Ибрагим Ибатулин мен Жамбыл Мақсұтов.
Әл-Хорезми олимпиадасы – Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамыту мен нақты ғылымдарды дәріптеуге арналған халықаралық алаң. Айта кету керек, былтыр қазақстандық оқушылар бұл байқауда төрт медаль еншілеген еді. Ал биылғы нәтиже – еліміздің білім сапасының жаңа деңгейге шыққанын көрсетеді.