Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстанда жылыту маусымына дайындықты бақылау жүйесі іске қосылады

Қазақстанда жылыту маусымына дайындықты бақылау жүйесі іске қосылады

18

Қазақстанда энергетикалық нысандардың жұмысын нақты уақыт режимінде бақылап, салалық қауіп-қатерлерді талдауға мүмкіндік беретін Ситуациялық-аналитикалық орталық 2024 жылы іске қосылған болатын.

2025 жылы жылыту маусымына дайындық пен оның өту барысын қадағалайтын мониторинг жүйесі іске қосылады. Сонымен қатар, салалық ақпараттық жүйелерге жасанды интеллект элементтерін енгізу және мұнай өнімдері мен сұйытылған газды бөлуге арналған цифрлық сервис құру жоспарлануда.

— Бұл шаралар салалық басқару тиімділігін арттырып, тұтынушыларды энергетикалық ресурстармен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп мәлімдеді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.