Home Технологиялар Инновациялар Қазақстанда зейнетақыны автоматты түрде тағайындау жүйесі сынақтан өтуде

Қазақстанда зейнетақыны автоматты түрде тағайындау жүйесі сынақтан өтуде

12

Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин зейнетақы тағайындаудың жаңа пилоттық жобасы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. Оның айтуынша, бұған дейін зейнетақы алу үшін азаматтардың өзі құжат жинап, еңбек өтілін растауы қажет болатын.

“Құжаттарды қағаз жүзінде өңдеу деректерді тексеру кезеңін баяулатып, кезектер мен кідірістерге әкелетін. Зейнетақыны қолмен есептеу қателік ықтималдығын арттыратын. Қазір пилоттық жүйе іске қосылды: жасына қарай зейнетақы ісі автоматты түрде құрылады, еңбек өтілі тексеріледі және азаматтың өзі өтініш бермей-ақ төлемдер тағайындалады”, – деді вице-министр.

Жаңа тәсіл қызмет көрсету мерзімін 10 күннен 1 күнге дейін қысқартып, рәсім қадамдарын алтыдан бірге дейін азайтқан. Бұл, ең бастысы, зейнет жасындағы азаматтар үшін процесті айтарлықтай жеңілдетті.

Төлеушин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жобаны кең көлемде енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.