1 қараша 2024 жылғы дерекке сәйкес, елдегі ұялы байланыс абоненттерінің саны 26 миллионға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға көп екенін Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйене отырып, Kazpravda.kz хабарлады.
Барлық абоненттердің 18,7 миллионы интернетке қосылған. Бұл көрсеткіш бір жылда 4,8%-ға өскен. Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 129-ды құрайды, оның ішінде 93 абонент интернетке қол жеткізе алады.
Қаңтар-қазан айлары аралығында ұялы байланыс саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 191,3 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 14,4%-ға аз.
Ал байланыс қызметтерінің жалпы көлемі 10 айда 1,1 триллион теңгеге жетті. Оның 52,5%-ын интернет қызметтері құрайды.