Home Ақша Қазақстандағы компаниялар хакерлік шабуылдардан айтарлықтай шығынға ұшырауда

Қазақстандағы компаниялар хакерлік шабуылдардан айтарлықтай шығынға ұшырауда

33

Қазақстандағы компаниялар хакерлік шабуылдардың нәтижесінде 8 миллион қаржы көлемінде шығынға ұшыраған. Бұл туралы LS басылымына Касперский зертханасының аймақтық басқарушы директоры Валерий Зубанов мәлімдеді.

Зубановтың айтуынша, жүргізілген сауалнамаға сәйкес, еліміздегі әрбір үшінші ұйым (31%) кибершабуылдың құрбанына айналған. Ал әрбір оныншы компания 800 мың теңгеден 2,4 миллион теңгеге дейін қаржылысынан айырылған.

«Залал көлемі одан да жоғары болуы мүмкін. Шабуылға ұшыраған 5 пайыз компанияда жоғалтқан қаржы 8 миллион теңгеден асқан. Дегенмен, барлық компаниялар залал мөлшері мен қаржылық шығындар туралы ақпаратты ашуға дайын емес. Әлемдік деңгейде, біздің зерттеуіміз бойынша, шағын және орта бизнес үшін бұл сома 105 мың АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін», – деп түсіндірді Зубанов.

Ол хакерлердің шабуыл әдістері өзгермегенін атап өтті, бірақ олардың қарқындылығы әртүрлі факторларға байланысты өзгереді.

«Бұл жылы біз бизнеске төнетін негізгі қауіптердің бірі ретінде мердігерлер арқылы жасалатын шабуылдарды байқадық. Қылмыскерлер ұйымға, мысалы, оның IT-инфрақұрылымын басқарушы сыртқы серіктес арқылы өтуі мүмкін. Сонымен қатар, алаяқтар мердігердің немесе жеткізушінің бағдарламалық жасақтамасына енгізілген зиянды кодты пайдалана алады», – деді сарапшы.

Зубанов осы жылы шабуылдарға тән жаңа тенденцияларды да атап өтті: хакерлер Windows операциялық жүйесімен қатар, басқа да жүйелерді, соның ішінде келесі ұрпақтағы желілік экрандарды да пайдаланып, олардың осалдықтарын пайдаланады.

«Компанияларға жасалатын шабуылдарда алаяқтар түрлі құралдар мен шабуыл тәсілдерін қолданады – шифрлаушылар, трояндық бағдарламалар, фишинг, электрондық пошта немесе әлеуметтік желілер арқылы және басқа да өзекті аңыздарды пайдалануды ұмытпайды», – деп қорыта келді Зубанов.

Бекзада ИШЕКЕНОВА