Xiaomi компаниясы өзінің жаңа флагмандық үлгілерін — Xiaomi 17 және Xiaomi 17 Ultra смартфондарын ресми түрде таныстырды. Жаңартылған буынға жататын бұл құрылғылар мобильді фотосурет түсіру сапасының жаңа деңгейін айқындап, кәсіби камера мүмкіндіктерін талғампаз дизайнмен және ыңғайлы пайдалануға арналған эргономикалық шешімдермен ұштастырады. Leica компаниясының бір ғасырдан астам уақыт бойы қалыптасқан оптикалық тәжірибесіне сүйене отырып әзірленген Xiaomi 17 сериясы фото және бейне түсіру мүмкіндіктерін негізгі артықшылыққа айналдырған толыққанды флагмандық деңгейдегі пайдаланушы тәжірибесін ұсынады.

Xiaomi 17 топтамалары Leica брендімен серіктестігін жалғастырып, кәсіби деңгейдегі түсірілім мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Смартфондар Leica UltraPure оптика жүйесімен жабдықталған. Көпқабатты линза жабыны жарық шағылысын азайтып, оптикалық бұрмалануды тиімді түрде жояды. Соның нәтижесінде кадр сапасы айқын әрі табиғи көрінеді.
Жинақы флагман саналатын Xiaomi 17 смартфоны Light Fusion 950 сенсорымен жабдықталған. Оның динамикалық диапазоны 13,5 EV деңгейіне дейін жетеді. Құрылғыда 60 миллиметрлік жылжымалы телемодуль орнатылған. Бұл модуль портреттік түсірілім мен макрофотографияны жоғары сапада орындауға мүмкіндік береді. Макро режимінде нысанды небәрі 10 сантиметр қашықтықтан түсіруге болады. Сонымен қатар смартфон жасанды интеллектке негізделген 20 еселік зумды қолдайды. Алдыңғы камерасының ажыратымдылығы — 50 мегапиксель және ол автофокус жүйесімен жабдықталған. Бейнежазба 4K форматында секундына 60 кадр жиілігімен жүзеге асады. Құрылғы Dolby Vision және Log форматтарын да қолдайды.
Leica фотомұрасының дәстүрін жалғастыра отырып, Xiaomi 17 Ultra смартфонының мүмкіндіктерін қосымша аксессуарлар арқылы кеңейтуге болады. Бұл құрылғы мобильді фотосурет түсіруді жаңа кәсіби деңгейге жақындата түседі.
Xiaomi 17 сериясы Snapdragon® 8 Elite Gen 5 платформасына негізделген. Архитектура құрамына Qualcomm Oryon™ орталық процессорының үшінші буыны, Qualcomm Adreno™ графикалық процессоры және Qualcomm Hexagon™ нейропроцессоры кіреді. Мұндай жүйе фото және бейне түсіру кезінде жоғары өнімділікке, бейнебайланыстың тұрақтылығына, көп тапсырмалы жұмыс режиміне және мобильді ойындардың тиімді іске қосылуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар құрылғы 100 Вт қуатты HyperCharge⁴ және 100 Вт PD-PPS⁵ жылдам қуаттау технологияларын қолдайды.
Xiaomi 17 смартфоны 256 және 512 гигабайт жады нұсқаларымен ұсынылады. Бағасы 469 990 теңгеден басталады. Түстер палитрасы Black, Venture Green, Ice Blue және Alpine Pink реңктерін қамтиды. Alpine Pink нұсқасы тек Mi Home дүкендерінің Aport Mall East және Dostyk Plaza сауда орталықтарындағы бөлімдерінде ұсынылады.
Xiaomi 17 Ultra үлгісі 512 гигабайт және 1 терабайт жады нұсқаларымен сатылады. Бағасы 719 990 теңгеден басталады. Смартфон Black, White және Starlit Green түстерінде қолжетімді. Ал 1 терабайт жады бар нұсқасы тек Mi Home дүкендерінде, атап айтқанда Aport Mall East және Dostyk Plaza сауда орталықтарында ғана ұсынылады.

Xiaomi 17 Ultra Photography Kit Pro кәсіби фотожинағы Black түсінде ұсынылады. Ұсынылатын бөлшек бағасы — 69 990 теңге.
28 ақпан мен 29 наурыз аралығында өткізілетін арнайы науқан аясында Xiaomi 17 Ultra смартфонын сатып алған тұтынушыларға Photography Kit Pro кәсіби фотожинағы сыйлық ретінде беріледі. Ал осы кезеңде базалық Xiaomi 17 моделін таңдаған сатып алушыларға Xiaomi Semi-auto Espresso Machine кофеқайнатқышы бонус ретінде ұсынылады.












