Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстанда SIM-карталар сату тәртібі қатаңдатылады

Қазақстанда SIM-карталар сату тәртібі қатаңдатылады

9

Елімізде SIM-карталарды тек байланыс операторлары ғана сата алатын тәртіп енгізілуі мүмкін. Бұл туралы LS сайты хабарлады.

Цифрлық даму министрлігі әзірлеген жаңа бұйрық жобасында интернет алаяқтықпен күресті күшейту көзделіп отыр. Соңғы уақытта жеке басын тіркемей-ақ сатып алынған қазақстандық нөмірлер арқылы жасалған қылмыстар көбейіп кеткен. Осыған байланысты SIM-карталарды тіркеусіз сатуға шектеу қойылып, жеке тұлғаны анықтау талаптары күшеймек.

Егер өзгерістер күшіне енсе, байланыс нөмірін тек ресми байланыс операторларынан ғана алуға болады.

Сондай-ақ байланыс компаниялары арнайы Call-орталық құруы тиіс. Ол арқылы азаматтар алаяқтық әрекеттер туралы дереу хабарлап, күмәнді нөмірлерді бұғаттауға және құқық қорғау органдарына дерек жинауға көмектесе алады.

Құжат 2025 жылдың 23 мамырына дейін көпшіліктің талқылауында.