Home Робот пен дрондар,ЖИ Ауыл шаруашылығы саласында дрондар қалай көмектесуде?

Ауыл шаруашылығы саласында дрондар қалай көмектесуде?

11

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын шегірткеден қорғау жұмыстары басталды. Жергілікті егіншілерге зиянкестермен күреске арналған арнайы техникалар таныстырылды. Олардың қатарында – алқаптарды өңдейтін бүріккіштер, зиянкестердің ошағын бақылауға арналған автокөліктер мен кең аумақтарды зерттейтін дрондар бар. Шара барысында техниканың мүмкіндіктері көрсетіліп, мониторинг пен өңдеудің алгоритмдері түсіндірілді.

Биыл Жарқайың ауданында алғаш рет Республикалық фитосанитария мекемесінің пилотсыз ұшатын аппараттары қолданылып жатыр. Бұл дрондар 5 мың гектар жерге дейінгі ауыл шаруашылығы алқаптарын өңдеуге арналған. Бір дронның бір күндік өнімділігі – шамамен 50 гектар.

Республикалық бюджет есебінен ауданда 3 800 гектар аумақ өңделіп үлгерді. Жер бедерінің күрделілігіне байланысты жұмыстарға дельтаплан да тартылған. Атап айтқанда, Пригородное ауылдық округінде 2,3 мың гектар, ал Валиханов ауылдық округінде 1,5 мың гектардай жер осындай әдіспен өңделген.