Home Технологиялар Қосымшалар мен бағдарламалар Astana Hub пен Yandex Ads Qazaqstan Қазақстандағы мобильді қосымшаларды дамытуға жаңа мүмкіндік...

Astana Hub пен Yandex Ads Qazaqstan Қазақстандағы мобильді қосымшаларды дамытуға жаңа мүмкіндік ашады

18

Astana Hub мен Yandex Ads Qazaqstan мобильді қосымшаларды әзірлеушілер үшін өсу мүмкіндіктерін кеңейтіп, оларға заманауи технологиялық құралдармен жұмыс істеуді үйретеді. Мобильді қосымшаларды дамыту үшін Yandex Ads Qazaqstan жаңа платформа — Yandex Ads Boost-ты іске қосып, табыс пен көрсеткіштерді арттыруға жағдай жасайды.

Келесі айларда Astana Hub пен Yandex Ads мобильді әзірлеушілерді қолдау мақсатында Astana Hub резиденттері, стартап бастамашылары және нарықта тәжірибесі бар жобаларға арналған оқу іс-шараларын өткізеді. Сарапшылар жаңа өнімді нөлден іске қосу немесе дайын шешімді масштабтау, клиенттерді табу және оларды ұстап қалу, жобадан табыс табуды бастау немесе табысты арттыру жолдарын түсіндіреді. Қатысушылар заманауи құралдардың бизнес үшін біртұтас аналитика құруға, гипотезаларды тексеруге және жаңа даму нүктелерін анықтауға қалай көмектесетінін үйренеді.

Yandex Ads Boost платформасы Yandex Ads экожүйесінің негізгі құралдарын біріктіріп, қосымшаларды басқару мен дамытуға мүмкіндік береді. Платформа арқылы әзірлеушілер қосымшалардың техникалық жағдайын қадағалап, жаңа пайдаланушылардың қайдан келгенін, олардың әрекеттерін бақылап, кемшіліктерді анықтай алады және әртүрлі қажеттіліктерге сай жаңа мүмкіндіктерді енгізе алады.

Сонымен қатар, платформа қосымшаларды монетизациялауды жеңілдетеді. Жарнамалық блоктарды қолданушыларға ыңғайлы етіп орналастыру арқылы әзірлеушілер қосымша күш жұмсамай, табыс таба алады. Yandex Ads Boost-пен қосылған қосымшаларда 600 мыңнан астам жарнама берушінің материалдары мен 60 DSP-серіктестің жарнамалары автоматты түрде көрсетіледі.

Осы бастама Қазақстандағы мобильді қосымшаларды дамытуды қолдауға және әзірлеушілер үшін жаңа табыс мүмкіндіктерін ашуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.