Home Технологиялар Ғаламтор және желі Android пайдаланушыларының жасы енді паспорт арқылы расталады

Android пайдаланушыларының жасы енді паспорт арқылы расталады

7

Google корпорациясы Android құрылғыларына қосымшаларды жүктегенде қолданушылардың жасын тексеретін болады. Бұл туралы Android Police порталының негізін қалаушы Артем Руссаковский хабарлады.

Маманның айтуынша, бұл функция қазірдің өзінде Google Play – Android қосымшаларының ресми дүкенінде кейбір қолданушыларға қолжетімді. Компанияның мақсаты – смартфон қолданушыларының кәмелетке толмағандарын ересектерге арналған мазмұннан қорғау.

Руссаковский Google Play жасын тексерудің бірнеше жолы бар екенін түсіндірді. Олар АҚШ-тағы паспортқа баламалы ID арқылы растау, селфи жіберу, несие картасының деректерін енгізу немесе арнайы сенімді қызметтерді пайдалану арқылы жүзеге асады.

Бұған дейін жасқа қатысты тексеру Google іздеу жүйесі мен YouTube платформасына енгізілген еді. Сарапшылар кейбір қолданушылардан тексеруден өту талап етілмейтінін айтады. Егер Google олардың жасын растайтын деректерге ие болса, пайдаланушы өз Google есептік жазбасында «Сізге қосымша әрекет жасау қажет емес. Жас растамасы талап етілмейді» деген хабарламаны көре алады. Бұл терезені жай ғана жауып, әрі қарай қызметті пайдалану мүмкін.

Сонымен қатар, қазан айының соңында Apple корпорациясы iOS 26 жүйесінде қолданушыларға интерфейс элементтерінің мөлдірлігін дәлірек баптауға мүмкіндік берді. Енді операциялық жүйеде Liquid Glass стилін іс жүзінде толықтай өшіруге болады.